Меню KDT

Жаңалықтар

"Отбасым- бақыт мекенім"


Жанұя, отбасы - мемлекеттің ірге тасы. Ал қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Осы аталған мерекеге орай, мектебімізде "Отбасым- бақыт мекенім" апталығы өткізілді. 


Жанұя, отбасы - мемлекеттің ірге тасы. Ал қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Осы аталған мерекеге орай, мектебімізде "Отбасым- бақыт мекенім" апталығы өткізілді. Апталық бірнеше кезеңді құрады: 1-сыныптар үшін апталықтың ашылуы - флешмоб, 2-3 сыныптар үшін -суреттер байқауы, 4-сыныптар үшін-дөңгелек үстел.
Суреттер байқауына қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды. Сондай-ақ, 4-сыныптар арасында өткізілген дөңгелек үстелге тек оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары да белсене қатысты. Танымды да, тәлімді іс- шарада ата-аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, қызу пікірталас болды. Сұрақтардың түрлілігі сонша, қатысқандардың көбісі әсерленіп, аналық, балалық махаббатары оянып, көздеріне жас алды. Іс-шара соңында ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Осы апталыққа ат салысқан барлық мұғалімдер мен оқушыларға, олардың ата-аналарына алғыс білдіреміз.






292 просмотров

Добавлено: 10.09.2019 в 16:08