Меню KDT

Мектеп тарихы

Мектеп лицензиясы

              Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің  " №65 мектеп- гимназия" коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  2010 жылы 1 қыркүйекте ашылды. 
Мектептің миссиясы: Біз оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қоғамда өзіндік орны бар, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелейміз, инклюзивті мәдениетті қалыптастырамыз. Мектептің зерттеу тақырыбы: Қашықтан оқыту жағдайында білім мазмұнын жаңарту талаптарын орындауда мұғалімдер мен оқушылардың АКТ құзыреттілігін арттыру Мектеп құндылықтары: құрмет, шынайы қарым-қатынас, жан-жақтылық, үздіксіз ізденіс, өзіндік даму, бірін-бірі қолдау.
          Білім беру мекемесі Сарыарқа ауданының  187 көшесінде, 18/4 ғимаратында  орналасқан. Гимназия қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім береді.  Білім алушыларға оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.   Мектеп  екі ауысым тәртібімен жұмыс  істейді.Мектеп  директоры: Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызы. Мектептің сыйымдылығы - 1200 оқушы.  2021-2022 оқу жылында  3028 оқушы білім алып жатыр.
         №65 мектеп-гимназиясы 2010 жылы қолданылуға беріліп, ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды қабылдаған алғашқы білім беру ұйымы. Бүгінгі таңда білім ошағында арнайы білім алатын -106 оқушы, ерекше қамқорлықты  қажет ететін   116 оқушы білім  алады. Білім мекесінде жалпы беретін мұғалімдер саны-247.
        Деңгейлік (1,2,3) курстар оқыған мұғалімдер саны-36. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан барлық мұғалімдер өткен. “Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу курсы”-4 мұғалім дәріс алған. Мұғалімдердің біліктілік санаттары: Педагог-модератор-46,  педагог-сарапшы-40, педагог-зерттеуші-56, педагог-шебер-1. Санатсыз-56. Магистр: 15 педагог.
        2019 жылдан бастап, Lesson Study сабақты зерттеу топтары жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді.Қазіргі таңда «SHARE» жобасымен  жұмысты  бастадық. Мектепте LED экранға қосылған 400 орындық акт залы, 300 орны бар асхана,  Спорт залы –    651,6 м2, Акт залы – 773 м2 шаршы метр,120 орындық оқу залы мен Интернетке қосылған 5 компьютері бар  заманауи жабдықталған кітапхана (кітап қоры -55864,оқулықтар - 48838,  Көркем  әдебиеттер – 7026), медициналық кабинеттер бар. Мектеп-гимназияда  3 информатика кабинеті,заманауи жабдықталған  химия  кабинеттері  жұмыс  жасайды.  Барлық  компьютерлер Интернет желісіне қосылған және STEM кабинеті бар.