Меню KDT

Жаңалықтар

«59-Эвакуациялық жиын пункті» әкімшілік құрамы

«Азаматтық қорғау саласындағы халықты және мамандарды оқыту, білімді насихаттау, хабардар ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің 2015 жылғы 20-сәуірдегі №381 бұйрығына, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» аудандық төтенше жағдайлар басқармасының жоспарына сәйкес 12-наурыз күні «№65 мектеп-гимназиясы» КММ-і «59-Эвакуациялық жиын пунктінде» тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялаудың оқу-жаттығу жұмыстары өтті.
Эвакуациялық жиын пункті бастығының орынбасары Ақылбекова Л.М. бұйрығымен ЭЖП әкімшілік құрамы өздерінің белгіленген орындарында тұрып, шұғыл әрекеттер жасауға әзір тұрды. Әрбір блок, қосалқы есіктерге жауапты әкімшілік мүшелері, кезекшілер қойылды.
«Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері эвакуациялық жиын пункті әкімшілік мүшелерінің функционалдық міндеттерімен, белгіленген орындарымен танысты.
«59-Эвакуациялық жиын пункті» әкімшілік құрамы табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алған жағдайда, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, медициналық көмек көрсету, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша шұғыл әрекет жасауға әзір екендіктерін көрсетті.

236 просмотров

Добавлено: 13.03.2020 в 20:31