Меню KDT

Жаңалықтар

«Эко-сағат» атты Республикалық экологиялық іс – шара өтті.

№65 мектеп – гимназиясында 3 қазан күні «Эко-сағат» атты Республикалық экологиялық іс – шара өтті. Экологиялық сабаққа 118 сыныптан жалпы 3029 оқушы, 50 ата –ана қатысты. Іс-шараға қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Егемберді Ерғали Қуандықұлы мен "Жерге жәннәт сыйлау" қоғамдық қоры төрағасы Гашек Юрий Львович қатысып, 11 сынып оқушыларына "Жердің болашағы саған байланысты"тақырыбында экологиялық сабақ өткізді. Сабақта жасыл екпелері, ағаштар мен өсімдіктердің қоршаған ортаға әсері, көгалдандыру жұмыстарының жолға қойылуы және оған оқушылар мен ата –аналардың үлесі туралы экологиялық мәселе қозғалды. Жаһандану заманында жаңа технологиялардың көптеп пайда болуына байланысты Жер-Анаға келетін зияндар және солардың алдын –алу туралы пікір сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар арасында қызу талқыға түсті. Сынып сағаттарынан соң «Түлектер аллеясына » 11 сынып оқушылары қонақтармен бірге 100 түп ағаштар отырғызды.

325 просмотров

Добавлено: 03.10.2019 в 09:28